shkolaput.ru 1 2 3 4
ӘОЖ 338:331.5-053.81(574.51) Қолжазба құқығында



АПИЕВ ҚАНАТ СЕРИКОВИЧ


Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары

(Алматы облысы материалдары негізінде)


08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару

салалары мен қызмет сфералары бойынша


Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008


Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған


Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Мамыров Н.К.


Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Мухтарова К.С.


экономика ғылымдарының кандидаты

Кайранов А.


Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігінің

Экономика институты


Қорғау 2008 жылдың «21» қараша күні 16.00 сағатта Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.


Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат « » қазан 2008 жылы таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э.ғ.д. А.Б. Темирбекова


Кіріспе


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық дамудың жоспарлы және орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтуі елеулі өзгерістерге алып келді.

Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.


Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б.болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды.

Сондықтан диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі экономикаға тән жаңа сапалық деңгейдегі осы мәселені шешу мақсатында жастар еңбегін пайдаланудың жаңа жолдарын іздеу қажеттілігінде болып отыр.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жастар еңбегінің пайдаланылуын, олардың санын болжаумен байланысты ғылыми зерттеулер, біздің ойымызша, еңбек нарығын қалыптастырудың түрлі факторлары әрекетіне байланысты осы категорияның еңбегін пайдалану тиімділігін бағалауға толық мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде оның даму тенденциясын бағалауда қиындық тудырады.

Диссертациялық зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады. еңбек нарығын қалыптастырудың жаңа түсінігі мен әдістері, еңбек ресурстарын ұтымды орналастыру мәселелері, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды реттеу, жұмыспен қамтудың демогарфиялық аспектілері, еңбек нарығындағы жастар мәселелері, ел экономикасындағы еңбек ресурстарын жеделдету мәселелері және еңбек мотивациясы кеңінен қарастырылған, олардың ішінде: А.Смит., Д.Рикардо, Ж.Б Сэя, Д.М. Кейнс, А. Маршал, К. Маркс, М. Фридмен, П. Хейн, К.Р. Макконнел, С.Л. Брю, А.Н.Ананьев, Е.Г.Антосенков, Б.Н.Белкин, И.В.Бушмарин, А.Г.Гаждиев, А.З.Дадашев, Т.И.Заславская, Е.И.Капустин, В.Г.Костаков, А.Г.Костин, А.Э.Котляр, С.А.Кузьмин, К.И.Микульскский, А.С.Панкратов, Б.В.Рахитский, Е.С.Русанов, Л.С.Чижова, В.Н.Якимов секілді ғалымдар және басқалар өздерінің ғылыми ізденістерінде аймақтық еңбек нарығының құрылуы тақырыбының түрілі аспектілеріне тоқталған.


Г.Г. Руденко, Ю. Яковец, О.В. Ромашов, Л.А. Костина, В.С.Автономов, З.В.Бабкина, Б.Д.Бреев, В.С.Буланов, И.Е.Заславский, Е.Д.Катульский, Н.М.Кезеров, Н.М.Колесников, А.Э.Котляр, В.И.Матирко, А.А.Никифорова, В.И.Плаксин, Э.Р.Саруханов, С.Г.Струмилина, В.И.Храпырина және басқалар жұмыспен қамту теориясына елулі үлес қосты.

Еңбек нарығының конъюнктурасына түрлі топтардың бейімделуін таңдау оны реттеуде жастарға қолданылатын механизімінің мәселелері В.С.Боровин, В.Г.Бочарова, Ю.Г. Одегов, П.Э. Шлендер, Ю.П. Кокин, Н.А. Волгин, Т.Б.Журавлев, В.А.Матусев, К.Г.Мяло, В.В.Новикова, Г.Е.Старченко, В.И.Чупрова және тағы басқа ғылымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Экономикадағы жастар еңбегін зерттеудің теориялық және әдістемелік зерттеулерінің белгілі бір жолдары, оның әлеуметтік-экономикалық мәселелері келесідей отандық экономист-ғалымдардың, социологтар мен демографтардың еңбектерінде қаралады: Т.А. Әшімбаев, А.Т. Қонысбаев, М.Кенжегузин, Н. Мамыров, С.Берешев, С.Джумамбаев, Т.Мухамбетов, Т.Рогачева, Б.Татибеков, Л.Тимошенко және басқалар.

Сонымен бірге, қарастырылуы әлеуметтік-экономикалық саясаттың қалыптасуына әсер ететін жастар еңбегін зерттеудің әдістемелік жолдары жеткілікті түрде зерттелмеген болып қала береді.

Диссертациялық жұмыстың таңдап алынған тақырыбы бойынша зерттеулердің аздығы, осы тақырып бойынша жазылған ғылыми жұмыстардың жеткіліксіздігі осы кезеңдегі диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауда, оның міндеті мен мақсатын анықтауға әсерін тигізді.

Осы жұмыстың мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың үлгісін құрастыру, болжау және институционалдық реттеу негізінде жастар еңбегін пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтау.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылды:


  • әлеуметтік-экономикалық жүйеде жастарды жұмыспен қамтуды

басқарудың маңыздылығы мен олардың алатын орнындарын анықтау;


  • жастарды жұмыспен қамту жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау

негізінде, оларды басқару қажеттілігін негіздеу;

  • қызметкерлердің жалпы санындағы жастар еңбек ресурстарының үлесін, олардың жұмыспен қамтылуының ерекшелігін анықтау;

  • жастардың заманауи еңбек нарығын дамыту үрдістерін зерттеу және олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау, реттеу механизмдерін негіздеу;

  • ұдайы өндіріс үдерісінде еңбек ресурстарына енуші жастар санын болжау кезінде еңбек нарығы дамуының демографиялық үрдісін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме дайындау;

  • жастар еңбегін тиімді пайдалану үшін ғылыми түрде негізделген ұсыныстар жасау және оларды дамытудың басты бағыттарын анықтау.

Алға қойылған барлық міндеттерді орындау, біздің ойымызша, жастар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, экономика салаларында жастар еңбегін оңтайлы пайдалануға қол жеткізетіні сөзсіз.

Зерттеу пәні – жастардың еңбек нарығы қалыптасуының теориялық және тәжірибелік аспектілері болып табылады.

Зерттеу нысаны Алматы облысы еңбек нарығындағы жастардың еңбек ресурстары болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін экономист, социолог, психолог ғалымдардың еңбектері, заманауи еңбек нарығындағы әлеуметтік және экономикалық проблемалар аясындағы мамандардың еңбектері, сонымен қатар мемелекеттік және аймақтық органдарының заңнамалық және нормативтік актілері құрайды.

Зерттеу мен теориялық тұжырымдарды жасаудың ақпараттық базасын ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің, Алматы облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен статистика басқармасының мәліметтері, мерзімдік басылым мен ғылыми әдебиетте жарияланған статистикалық мәліметтер, Алматы облысы кәсіпорындарының қызметі туралы бастапқы мәліметтер құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
  • экономикалық жүйелерде жастарды жұмыспен қамтуды басқару


қажеттілігі дәлелденіп оның құрылымындағы жастардың орны

анықталады;


  • «жастардың еңбек ресурстары» экономикалық категориясы ұғымы нақтылынып, олардың жоғарғы жас шегі ғылыми түрде негізделді;

  • заманауи жастар еңбек нарығын қалыптастыру факторлары анықталды;

  • жастар еңбегін пайдалану әдістемелері жүйеленіп, корреляциялық-регрессиялық талдауға негізделген бағалау әдістемесі ұсынылды;

  • заманауи еңбек нарығын реттеу тетіктері нақтыланып, қазіргі заманғы жастар еңбек нарығы дамуының институционалдық тетігінің үлгісі ұсынылды;

  • еңбек нарығындағы жастардың еңбек ресурстарының санын болжау

әдістемесі ұсынылды.

Қорғауға шығарлатын негізгі тұжырымдар:

жастарды жұмыспен қамтудың ерекшеліктері анықталып, олардың экономикалық жүйелерде алатын орны және басқару қажеттілігі айқындалды;

жастардың жұмыспен қамтылуын талдау нәтижесінде оларға әсерін тигізетін факторлар негізделді;

еңбек нарығында жастар еңбек ресурстарының жоғарғы жас шегі ғылыми түрде дәлелденді ;

экономикалық-математикалық үлгілеудің нәтижесінде жастардың еңбек ресурстарының саны болжанды.

жастар еңбек нарығы дамуының институционалдық тетіктерінің үлгісі ұсынылды; Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы . Зерттеу жұмысында ұсынылған іс шараларды еңбек нарығын реттеуде , соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуда пайдалануға болады. Теориялық және әдістемелік материалдар жоғары оқу орындарында «Менеджмент» мамандықтарының пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізігі нәтижелерін қолдану. Жастар еңбегін пайдалануды бағалау бойынша жүргізілген теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижелеріне, сонымен қатар жастардың еңбек ресурстарының болашақтағы санын есептеуге негізделген автор ұсыныстары мен ұсынымдарын Алматы облысының 2007-2009 ж. орта дәліздік әлеуметтік экономикалық даму жоспарын құрастыруда пайдаланылды.


Жұмысты сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыстың ережелері мен тұжырымдары келесідей ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, талқыланды: «Жедел жаңару жолындағы экокномикалық бағдарлар», КазЭУ Алматы 2005., «Жоғары оқу орнында сапа менеджменті жүиесін енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары» КазЭУ Алматы 2005., «Актуальные проблемы экономической науки Казахстана и творческое наследие академика НАН РК С.Е.Толыбекова» КазНПУ им. Абая Алматы 2007, «Екінші Рысқұлов оқулары» КазЭУ Алматы 2007.

Диссертация тақырыбы бойынша жалпы 8 ғылыми еңбек жарияланды.

Жұмыс көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан 12 суреттен, 22 кестеден тұрады.


Негізгі бөлім

Қазіргі қоғамдағы жастар ролі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.

Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.

Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.


18-24 жас аралығындағы жастар, бұл – студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар. Олар еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсеклестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады.

25-29 жастағы жастар, негізінен, кәсіптік таңдау жасайды, қандай да бір өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар топқа жатады. Олар не қажет ететінін біледі, көбінесе өзінің жанұясы бар және ұсынылатын жұмысқа үлкен талаптар қояды.

Еңбек нарығындағы жағдайларда маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ – жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет.

Диссертациялық зерттеуде жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді.


Автор экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамтуды басқарудың көп деңгейлі үлгісін ұсынады, бұл кәсіпкерлік құрылымның, мемлекеттік басқару орындарының, білім жүйесінің, қоғамның және жан ұяның өзара әсер етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (сурет 1). Әрине байланыстың мұндай жүйесінің мақсаты жастардың жан-жақты дамуы болып табылады, экономикалық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Еңбек нарығының қажеттіліктері жастардың өмір құндылықтарына сәйкес келмегені диссертацияда көрсетілген, сонымен қатар бұл сәйкессіздік жастардың белсенді түрде жұмыс іздеуіне кедергі болады, сондықтан да экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек (сурет 2).

Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:


  • кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;

  • жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;

  • білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;

  • жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;

  • жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;

  • жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;

  • жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету.

Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға басты назар аудару, бұл елдің маңызды ресурсы екені түсінікті болған. Бұл Орал, Сібір, Қиыр Шығыс құрлыстарындағы комсомол отрядтары, тың және тыңайған жерлерді игеру, өнеркәсіпті, экономиканың түрлі салаларын дамытудағы жастар жұмыстарымен расталады.



Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамтудағы басқару жүйесі






Басқармалы жүйе (басқару объектісі)


Аудан жастары


Жұмыссыздық және жастардың жұмыспен қамтылуы

Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс

Еңбек нарығындағы бәсекелестік

Жастардық еңбектегі ақысы




следующая страница >>